Әлімханұлының жеңісі - 1.25, Мартинес жеңісі - 4.08, тең - 26.
Жәнібек Әлімханұлы- Стивен Мартинес жекпе-жегін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы 3 ақпан, Астана уақытымен сағат 07.30.
Еске сала кетсек, бүгінгі жекпе-жек алдында қарсыластар дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Әлімханұлының салмағы 162 фунт, ал Мартинестің салмағы 160,4 фунтты құрады.
Жәнібек профи-рингтегі төртінші айқасын өткен жылдың қараша айында «Жыртқыш» лақап атымен танымал америкалық Александр Вонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.