Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан facebook парақшасында жазды.
«9 қараша. Әлем тағы да QAZAQ STYLE-ды тамашалайды», - деп жазды Берік Сұлтан.
Еске сала кетсек, соңғы айқасында Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы канадалықты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.