АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкентте өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.
Еске салайық, бұған дейін көркем гимнастикадан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны жайлы жазғанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.