Онда көрсетілген видеороликте роботтың жерде жатқан құбырларды аттап, құламай тепе-теңдікті сақтап жүргені көрінді. Тепе-теңдікті сақтаудың осындай жүйесі роботқа тастарды аттап өтуге, қармен, ойлы-қырлы жерлермен жүруге мүмкіндік береді. Аталмыш робот өзімен бірге 60 келіге дейін жүкті көтеріп алып кетеді.
Адымдап жүретін роботтар үшін құламай, тепе-теңдікті сақтау күрделі мәселе. DARPA Robotics Challenge-ге қатысқан заманауи гуманоидтық роботтардың өздері тепе-теңдікті сақтай алмайды, кейбірі тегіс жерде сүрініп. құлап жатты.