Жапондық Pepper роботы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото: SoftBank Robotics

АСТАНА. KAZINFORM — Pepper роботын ешкім сатып ала алмайды. Оны тек жапондық SoftBank компаниясынан жалға алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды ТАСС.

SoftBank компаниясының Pepper роботы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі алғашқы жаппай шығарылған гуманоид сервистік робот ретінде енді.

Жапон нарығында Pepper роботы алғаш рет 2014 жылдың маусым айында жарыққа шықты. Бойы 121 см болатын гуманоид робот адамдармен сөйлеседі. Ол сауда орталықтарында, мейрамханаларда, мектептерде және қарттар үйінде кеңінен қолданылады. Кейінірек SoftBank жасанды интеллектпен жабдықталған Pepper+ нұсқасын іске қосты.

— Біз роботтарымыздың мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырамыз, — деп атап өтті SoftBank компаниясы.

Айта кетейік, роботты сатып алу мүмкін емес, оны тек SoftBank-тен жалға алуға болады. Жылдық жалдау айына 43 780 иен (282 доллар), ал ай сайынғы жалдау 76 780 иен (494 доллар) тұрады.

Айта кетейік, Қытайдың Xiaopeng Motors компаниясы жаңа буындағы IRON роботын таныстырды.