Ол Мемлекет басшысының Күншығыс еліне сапарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Жапония Қазақстанмен ынтымақтастыққа әрқашан оң көзқараста болды.
— Президент Тоқаевтың сапары біз үшін де, Қазақстан үшін де өте маңызды, себебі Жапония әрқашан Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырды. «Орталық Азия 5» форматын алғаш рет Жапония 2004 жылы ұсынған. Сондықтан, мен Жапония әрқашан серіктестікке оң көзқараспен қарады деп санаймын. Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға жаңа серпін береді деп ойлаймын. Менің мансабым да сәтті дамыды, себебі мен Қазақстанда жақсы білім алдым. Менің өз отанымда алған білімім бұл жақта қажетіме жарады және мойындалды, — деп атап өтті Серік Мейірманов.
Мейірманов сонымен қатар Жапониядағы қазақ диаспорасы туралы айтты. Оның айтуынша, жастардың көпшілігі азиялық зерттеулер мен бизнес салаларындағы университеттерде білім алады.
— Мұнда аға буын өкілдері де бар, дәрігерлер, денсаулық сақтау мамандары және мұғалімдер бар. Сондай-ақ Жапонияда табысты дамып келе жатқан кейбір бизнесмендер бар, — деп бөлісті ол.
Ол сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық туралы айтты. Президенттің сапары күні екі тарап білім беру туралы келісімге қол қояды. Серік Мейірманов Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетінің өкілі.
— Бүгін біздің университетіміз бен Жоғары білім және ғылым министрлігі арасындағы алғашқы келісімге қол қойылады, бұл екі ел арасындағы білім беру технологияларымен алмасуға серпін береді. Сондықтан, менің ойымша, болашақ өте жарқын, — деп түйіндеді Мейірманов.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 17 желтоқсанда Жапонияға ресми сапармен барды.
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары кезінде қол қойылуы жоспарланған коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Жапонияда әртүрлі салаларда оқып немесе жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматтармен кездескен.