Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Индонезия, Таиланд және Вьетнамдағы шетелдік сайлау учаскелері жабылды.
Бұған дейін Еуропа елдеріндегі, атап айтқанда Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Словакия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Португалиядағы учаскелерде дауыс беру жалғасып жатқаны хабарланған еді.
Сонымен қатар Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері де жұмысын бастаған.
Еске салайық, бұған дейін Лондонда қазақстандықтар қалай дауыс беріп жатқаны жөнінде жазған едік.