АСТАНА. KAZINFORM – Жапония Премьер-министрі Сигэру Исиба Либерал-демократиялық партиясында жікке бөлінуді болдырмау үшін отставкаға кетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ВВС.
Исиба шілде айында өткен сайлаудан кейін партиясы жетекшілік ететін коалиция Жапония парламентінің жоғарғы палатасында көпшілігін жоғалтқанын атап өтті.
Asahi Shimbun газетінің жазуынша, көптеген жапон саясаткерлері Исибаны отставкаға кетуге шақырған. Бұл жайында AFP агенттігі хабарлады.
Айта кетейік, Жапония иммиграциялық саясатты қайта қарастырмақ.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.