АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болды. Цунами қаупі жоқ, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы сейсмикалық қызметті қоса атқаратын Жапония метеорологиялық агенттігі хабарлады.
Дүмпудің ошағы мұхит түбінде, терең емес жерде болған. Жер сілкінісінен Кагосима және Миядзаки префектураларында ғимараттар шайқалған, бірақ қирамаған, зардап шеккендер туралы да әзірге дерек жоқ. Қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істеп тұр.
Еске сала кетейік, Қытай Тибеттегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге 80 млн юань бөлді.
Нұрлан Тұяқов
Низами атындағы ТМПУ түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Ташкентте қазақ тілінде шығатын "Нұрлы жол" газетінде аудармашы, тілші болған. Қазіргі таңда Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде еңбек етіп келеді.