АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Мияги префектурасының шығыс жағалауында 40 шақырым тереңдікте магнитудасы 5,7 балға жеткен жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Жапония Ұлттық метеорология басқармасының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Мияги префектурасының шығысында, Тынық мұхитында болған.
Зардап шеккендер немесе басқа да материалдық залал туралы ақпарат шықпады, цунами қаупі де жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, кеше Жапонияның батысындағы Сидзуока префектурасы маңында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркеліп, 20-дан астам адам зардап шеккен болатын.
Нұрлан Тұяқов
Низами атындағы ТМПУ түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Ташкентте қазақ тілінде шығатын "Нұрлы жол" газетінде аудармашы, тілші болған. Қазіргі таңда Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде еңбек етіп келеді.