Жапония жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Токио қаласының орталығында да сезілген, деп хабарлайды Синьхуа .

Фото: Анадолы

Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:39–да тіркелген. Оның ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Мияги, Фукусима және Ибараки префектураларының кейбір аудандарында жерасты дүмпулерінің қарқыны Жапонияның 7 балдық сейсмикалық шкаласы бойынша үш балға жеткен.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның Миэ префектурасының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды.