Премьер-министр Фумио Кисида бейсенбі күні билік төрт өлім жағдайын тергеп жатқанын мәлім етті.
6,1 магнитудалы жер сілкінісінен кейін екі минуттан соң 23:36 шамасында 2011 жылдың 11 наурызында бос қалған Мияга және Фукусима аудандарының кейбір префектураларында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Еске салсақ, сейсмикалық интенсивті жапон шкаласының ең жоғарғысы - 7 балл.
«Біз табиғи апаттың зардабын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатырмыз», - деді Кисида парламент отырысында.
Министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно атом электр станцияларына ешқандай залал келмегенін мәлім етті.
East Japan Railway Co дерегінше, Тохоку Синкансэн жүрдек пойызы Фукусима мен Сироисизао станциялары арасында рельстен шығып кеткен, бірақ борттағы барлық 78 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.
JR East Насусиобара мен Мориока станциялары арасында бейсенбі күні таңертең апатқа байланысты жүрдек пойыз қозғалысы тоқтағанын мәлімдеді.