Аймақтық билік органдарының мәліметінше, Кумамото префектурасында кем дегенде 5300 үй электр қуатынсыз қалды. Сондай-ақ 80 мыңға жуық үй тұрғындары әлі күнге дейін сусыз отыр.
28 шілдеде елде болған 7,1 балдық зілзала соңғы жылдардағы ең қуатты жер сілкіністерінің бірі болды. Апаттық-құтқару жұмыстарына салалық қызметтерден басқа Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің шамамен 4600 жауынгері қатысып отыр.
Еске салсақ, жер сілкінісі Кюсю аралының ішкі бөлігінде болды.
Жер сілкінісінен кейін 100-ден астам афтершок тіркелді, және көптеген адам жерасты дүмпулерінің қайталануынан қорқып, көліктерінде ұйықтауға мәжбүр.
Префектурада алдағы күндері аптап ыстық болатыны болжанған, температура 39°C (102°F) дейін жетеді, бұл іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатуы мүмкін. Осыған байланысты билік құтқарушылар мен зардап шеккендерді аптап ыстықтан сақтану үшін сақтық шараларын қабылдауға шақырды.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.
Осыған дейін Жапонияда жер сілкінісі құрбандарының саны 28 адамға жеткенін жаздық.