Бұл туралы Kazinfrom euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зілзала салдарынан жолдар ойылып, үйлер құлап жатыр. Жапонияның орталық бөлігінің тұрғындары 1 қаңтар күні болған 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін енді ес жиып жатыр.
Табиғи апаттың салдарынан кемінде 55 адам мерт болды. Исикава, Ниигата, Фукуи, Тояма және Гифу префектураларына қатты зақым келді.