Жапониядағы тастанды маймылды көруге келетін туристер саны көбейді

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM — Токионың хайуанаттар бағындағы Панч есімді жапон макакасын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылып жатыр, деп хабарлайды Kyodo.

Хайуанаттар бағының күзетшісі Косуке Шиканоның айтуынша, Панчтың анасы туған кезде оған қамқорлық көрсетпеген және оны басқа маймылдар маңына жолатпаған. Келесі күні зообақтың қызметкерлері маймылдың баласын жасанды түрде тамақтандыра бастады.

Биыл ақпан айының ортасынан бастап хайуанаттар бағына келушілер саны жұмыс күндері де, демалыс күндері де күрт өсті. Туристер қоршаудағы Панчты суретке түсіріп, түрлі дәмдер беріп жатыр.

— Бізді хайуанаттар бағына саяхатшылардың ағылып жатқаны таң қалдырды. Панчтың дамуын көп адамның бақылап отырғанына қуаныштымыз, — деді Ичикава зоологиялық және ботаникалық бақ бөлімінің басшысы Такаши Ясунага.

Панчтың ойыншығы сияқты жұмсақ ойыншықтарды сататын жапондық IKEA Japan kk дүкені басқа жұмсақ тауарларды көпшілікке сыйға тартты.

— Бұл шынымен әсерлі оқиға болды. Жасай бер, Панч, — деді IKEA Japan президенті Петра Фаре.

Еске сала кетейік, америкалық әйел жол апатынан кейін қашып кеткен маймылды атып тастады.