Жапониядағы анимация студиясынан шыққан өрт құрбандарының саны 33-ке жетті

Фото: None
КИОТО. KYODO-ҚазАқпарат - Нақты деректер бойынша, Жапонияның Киото қаласындағы Kyoto Animation Co. анимация студиясынан шыққан өрт салдарынан отыз үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо Цусин агенттігіне сілтеме жасап.

Өрттен 33 адам қаза тауып, 36 адамды күйік шалған. Зардап шеккендерауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін белгісіз біреу Kyoto Animation Co. анимациялық студиясындажанатын сұйықтық төгіп, сол жерде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:35-теөрт басталғаны хабарланған еді. Өрт шыққан кезде үш қабатты ғимаратта 70-кежуық адам жұмыс істеп жатқан.

Полиция хабарлағандай, ер адамның «Өл!» деп айқайлап, ғимаратты жағыпжібергенін көрген куәгерлер бар. Сондай-ақ, оқиға орнынан пышақтар табылған.

Полицияның дерегі бойынша, жарақаттанып, ауруxанаға жеткізілгендерарасында 41 жастағы ер адам өрт қойғанын мойындаған.

Жапонияда «KyoAni» атауымен танымал Kyoto Animation студиясы «K-On!» және«Харухи Судзумия меланxолиясы» (SuzumiyaHaruhi no Yuutsu) атты телевизиялық анимациялық xикаяларды шығарған.Компанияның негізі 1981 жылы қаланған. Ол жас ұрпаққа арналған бірқатаранимациялық фильмдер түсірген.

Анимация студиясынан шыққан өрт Жапониядағы соңғы жылдардағы ең ауырапаттардың бірі саналады. 2001 жылы токиолық Синдзюку ауданындағығимараттардың бірінде болған өрт салдарынан 44 адам көз жұмған еді. 2008жылы Осакадағы видеосалонға қасақана қойылған өрттен 16 адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар