Ол 50 жастан асқан спортшылар санатында өнер көрсетіп, өзінен 40 жасқа жуық кіші қарсыластарымен бақ сынады. Жапониялық спортшы жүлдегерлер қатарына қосылмағанымен, жасы мен физикалық дайындығы көрермендердің назарын аударды.
Канадзава бодибилдингпен 20 жасында айналыса бастаған. Төрт жылдан кейін «Мистер Жапония» атағын жеңіп алып, 1967 жылы «Мистер Әлем» байқауында өз санатында төртінші орын иеленді.
34 жасында спорттық мансабын аяқтаған ол 50 жасында қайта жаттығуға кірісті. Сол кезде ет пен балықтан бас тартып, вегетариандық тамақтануға көшті.
Спортқа оралғаннан кейін Канадзава ардагерлер арасындағы ұлттық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жетті. 2026 жылғы тамызда 85 жастан асқан спортшылар санатында Жапонияның 19-чемпиондық атағын иеленді.
Испаниядағы чемпионаттан кейін бодибилдер үш жылдан соң, 93 жасында, әлемдік додаға қайта қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, биыл мамырда астаналық 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев Кейптаунда өткен халықаралық марафонның толық қашықтығын бағындырған еді. Ал 82 жастағы жаттықтырушы Александр Тиховский ауыр атлетикамен айналысып, ардагерлер арасындағы жарыстарға қатысып жүр.