Жапонияның Бонин аралдарында 6,9 балдық жер сілкінісі болды
17:00, 27 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні Жапонияның Бонин немесе Огасавара аралдарының батыс жағалауында 6,9 балдық жер сілкінісі болды.
Синхуа агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпуі Токионың орталығында сезілген. Әзірге цунами туралы ескертулер түскен жоқ.