Жапонияның метеорология басқармасы өңір тұрғындарына соңғы дүмпулердің бұрынғыға қарағанда жиі болғанын назарға ала отырып, қуатты дүмпу болу ықтималдылығына байланысты сақтық танытуға шақырды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де 1 және одан жоғары балдық жиілікпен 432 дүмпу тіркелген.
Ең қуатты 5,1 магнитудалық жер сілкінісі жексенбі күні Акусэкидзима аралында болған. Оның жиілігі 4 балды құрады.
Метеоролгиялық басқарма қызметкерлері біраз уақытқа дейін қуатты жерасты дүмпулерінен сақ болуға шақырды.
Олар сейсмикалық белсенділіктің айларға созылған кездері болғанын еске салды.
Осыған дейін жерасты дүмпулері Түркияда тіркелген еді.