Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат берілмей отыр.
Жапония ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметтеріне қарағанда, цунами қаупі төніп тұрған жоқ.
Зілзала кіндігі Иватэ префектурасы аумағында, ал ошағы 90 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпуін осы елдегі 47 префектураның 11-інің тұрғындары сезінді.