Жаппар Асқар СІМ Аппаратының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жаппар Асқар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіні Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ҚР СІМ

1982 жылғы 23 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2022 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

27.11.2003 — 05.07.2004 жж. — ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Шымкент» РМК бухгалтері.

28.09.2004 — 10.11.2006 жж. — Астана қаласы әкімдігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің жетекші маманы, бас маманы.

10.11.2006 — 11.02.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.

11.02.2008 — 02.06.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

02.06.2008 — 30.06.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі.

30.06.2008 — 20.01.2015 жж. — ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде.

20.01.2015 — 07.07.2015 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Сарыарқа» корпоративтік қорының атқарушы директоры.

08.07.2015 — 17.03.2016 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Бурабай даму» ЖШС дирекциясының және «ОК „Оқжетпес“ ЕСК (емдеу-сауықтыру кешені) объектілерін басқарушы.

20.02.2017 — 25.05.2018 жж. — „Мемлекеттік архив“ ММ каталогтау және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, директордың міндетін уақытша атқарушы.

22.10.2018 — 05.03.2020 жж. — ҚР СІМ-нің „Дипломатиялық сервис“ ШЖҚ РМК ресми және хаттамалық іс-шаралар бөлімінің бастығы.

06.03.2020 — 16.07.2023 жж. — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ӘШБ басқарушысы.

10.08.2023 — 05.01.2026 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының „Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы“ РМК директоры.

19.01.2026 — 20.08.2026 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры.

2026 жылғы 20 тамыздан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Жанболат Үсенов СІМ-нің ресми өкілі болып тағайындалғанын жаздық.