«Лаңкестік актілер мен жаппай тәртіпсіздік себептері мен оларды ұйымдастырған тұлғаларды анықтау бойынша тергеуді арнаулы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтары жүзеге асырады. Өз кезегінде, ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздік аясында жасалған басқа да қылмыстар бойынша тергеуді жалғастырып жатыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Санжар Әділовтің атап өтуінше, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің іс жүргізуінде 2 285 қылмыстық іс бар.
«Оның негізгі бөлігі - ұрлық пен тонау. Бұл - 1 674 іс немесе жалпы тіркелгендердің жалпы санының 73 пайызын құрайды», - деді департамент бастығы.