«Жаппай тіртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 178 адам полицияға жеткізілді. 11 адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - делінген жедел штаб ақпаратында.
Сондай-ақ мәліметке сәйкес, т өтенше ажғдай режимін бұзғаны үшін 88 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 1-бөлігі 10-тармақшасы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот санкциясымен 84 адам әкімшілік қамауға алынды.