АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жаттықтырушы Ерік Маржықпаев екі жылға жарыстардан шеттетілді.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, 5 желтоқсан күні Ақтау қаласында бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде Ақмола облысының спортшысы Дамир Ибрагимов пен Астана қаласының өкілі Кенесарыәмір Маржықпаев кездесті. Жекпе-жек 4:1 есебімен Ибрагимовтың пайдасына аяқталды.
Нәтиже жарияланған соң Астана қаласының жаттықтырушысы (К. Маржықпаевтың әкесі) Ерік Маржықпаев төрешілер шешіміне қарсылық білдіріп, дауыс көтерді, кейін текетірес орын алып, ол төрешілерге физикалық күш көрсетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбайдың өзбекстандықты нокдаунмен жеңгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).