«14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ барысында қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімінің офицері алған жарақаттан көз жұмды», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», - дейді әскери ведомстводан.
Айта кетсек, таяуда ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды.
Ал қазан айында Приозерск гарнизонында әскери қызметші өзін атып мерт болды.
Одан бөлек, Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылған еді.