Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 6 айда шетелдік туристердің саны 24,9%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (1,8 млн адам), Қазақстан (1,5 млн адам) және Тәжікстаннан (1,4 млн адам) келген.
Сондай-ақ, Ресей (585 мың адам), Ауғанстан (238 мың адам) және Қытай (223 мың адам) азаматтарының үлесі басым.
Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.
Еске салайық, жарты жылда 670 мыңға жуық өзбекстандық демалысын Қазақстанда өткізген.
Қоса кетсек, Өзбекстан Мемлекеттік кеден комитетінің өкілі Фарход Олимжонов Kazinform агенттігіне берген сұхбатында саяхатшылар қаперде ұстауы тиіс ережелерді айтқан еді.