Жарты жылда 850 адам көлік апатынан көз жұмған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың алты айында 7 093 көлік апаты тіркеліп, 850 адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМәкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кенісбаевтың айтуынша,жарты жылдың ішінде 9 425 адам көлікапатынан жарақат алған. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметініңбрифингте мәлімдеді.

«Өткен жартыжылдықтарменсалыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға артқан. Ал қаза тапқандарсаны 8 пайызға көп. Жол қозғалысыныңапаттылық деңгейін тұрақтандыру мақсатында жолдарда бақылау күшейтілді. Жылбасынан бері полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 2,8 млн адамды ұстады. Оның 103,5 мыңыәкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17,6 мың жүргізуші көлік айдау құқығынанайырылды, 1 742 адам әкімшілік қамауға алынды», - деді Әлібек Кенісбаев.

Еске салсақ,аталмыш брифингте Республикалық жолдарда жылдамдық тіркейтін автоматты жүйеорнатылатыны айтылған болатын.

Ал шетелден әкелінген көліктер Қазақстан аумағында онлайн тіркелуі мүмкін.





Соңғы жаңалықтар