Оның айтуынша, депутаттардың жеке қызметтік көлігі мен жүргізушісі болмайды. Қажеттілігі бойынша арнайы көлік беріліп отырады.
– Бұған дейін көтеріп келе жатқан пайшылар мәселесі, әлеуметтік мәселелер және цифрлық ашықтықты Құрылтай қабырғасында көтереміз. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында бұл туралы жазылған болатын. ЖДСП партиясында жүргеніме 13 жыл болады. Оның 10 жылын ауылдарға барып, пайшылардың мәселесін көтердім. Басқа да әлеуметтік мәселелерді көтеріп, анализ жасап, Мәжілістің 8-шақырылымына қаншама ұсыныс бердік. Бастамалар көтеріп, заңға ұсыныстар енгізілді. Сондықтан маған таңсық дүние емес, – деді Құрылтай депутаты.
Еске салайық, 23 тамызда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар айқындалды. Осыған байланысты ҚР Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:
«Әділет» партиясы — 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат;
«Ауыл» партиясы — 10 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат;
«Respublica» партиясы — 9 мандат.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтқан еді.
Бүгін бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың депутаттары салтанатты түрде ант берді.
Депутаттар Құрылтайдың сегіз комитетін бекітті.