Жас физиктер Кореяда өтетін беделді олимпиадада ел намысын қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — 17-25 мамыр аралығында Кореяның Пусан қаласында физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтіп жатыр. Білім сайысына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан аса елден шамамен 240 оқушы қатысады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынап, сондай-ақ өңірдің үздік жас физиктерімен ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан командасының құрамасы:

Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы NIS «Астана-Нұра» мектебінің 12-сынып оқушысы;
Роман Черемнов — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадір — Қостанай облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман — Астана қаласындағы NIS «Астана-Нұра» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Мерген Сабыров — Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Арғын Сейткамит — Астана қаласындағы NIS «Астана-Нұра» мектебінің 11-сынып оқушысы.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Құрама жетекшілері:

Қасымхан Байсейітов — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Дәулет Құрмантаев — физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді. Сонымен қатар Нұргүл Егенбергенова қыздар арасындағы үздік қатысушы ретінде «Best Female» арнайы сыйлығымен марапатталған.

Осыдан бұрын Қазақстан оқушылары Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапатқа ие болғанын жаздық.