Бұл жаңа бастаманы қала колледждерінің студенттері көтерді. Жас көмекшілер өткен сенбіде республика саябағын велосипедпен шолып шықты.
"Мұндай бастама жастардың қоғамдық тəртіпті сақтауға деген ынтасын, қылмысқа төзбеушілік принципін көрсетеді. Жасақ мүшелері арнайы формамен қамтылған. Олардың басты міндеті - қылмыстың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Енді жастар жасағы адам көп шоғырланған жерлерде қоғамдық тыныштықты күзететін болады",- деді қалалық ІІД жасөспірімдер полициясы басқармасының басшысы Лейла Əліпбаева.
Айта кету керек, Алматыда ең алғаш полиция көмекшілерінің жасағы жалпы білім беретін мектептердің базасында қалыптасқан еді. Биыл наурызда мұндай институт колледждерде де енгізілді.