Жасанды жүрек салынған жандар: Арнайы сөмкені үнемі ұстап жүреміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы екі адамға толығымен жасанды жүрек салынды. Барлық операциялар Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығында жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының тумасы - Алексей Чабанның жүрек ауруы қатты ушығып кеткен. Жүректің сол жақ қарыншасымен бірге оң жақ қарыншасы да дұрыс істемеді. Жағдайы өте ауыр болды. Ал донорлық жүрек жоқ. Сол себепті оған жасанды жүрек салуға шешім қабылданды.

"Қазір мен спортпен айналысамын, аптасына үш рет гантель көтеремін. Енді, дәрігерлер болмайды деді. Бірақ дәл сол спортты тастай алмадым. Бір қызым бар. Жасы - 12-де. Құдайға шүкір, оның жүрегі ауырмайды. Соған қатты қуанамын. Дәрігерлер болса, маған тағы бір мүмкіндік берді. Алдағы уақытта донор табылса, кәдімгідей адам ұқсап өмір сүруге болады", - дейді 36 жастағы А.Чабан.

Жасанды жүрек - "Carmat SA" атты француз компаниясының өнімі. Ол арнайы аппаратқа жалғанып тұрады. Онда аккумулятор баттареялары және басқа датчиктер бар. Сөмкенің салмағы - 3 келі. Адам оны үнемі өзімен бірге ұстап жүреді. Қуаты таусылғанда зарядтап отырады. Ал датчиктер қан қысымын бақылайды. А.Чабан сұxбат беріп жатқанда жасанды жүрегі бар екінші пациент - Аманғали Токовтың аппараты шиқылдай бастады. Себебі ол сұxбат беремін деп тұрғанда қатты қобалжыған. Содан дәрігерлер оны палатаға жатқызып, қан қысымын түсіріп алды.

"Менің жасым 54-те. Ақтөбе облысынан келдім. Операцияны екі ай бұрын жасады. Қазір жағдайым жақсы. Бұған дейін жүрегім ауырды. Қазір мына сөмкені өзімен бірге ұстап жүремін. Қан қысымы көтерілсе, жүрекке салмақ түссе, сигнал беріп тұрады", - деді А.Токов.

 Қазіргі кезде Алексей мен Аманғалиді үйге жіберуге дайындап жатыр. Ол үшін жергілікті дәрігерлер жасанды жүректі бақылауды білуі тиіс. Осыған орай, арнайы шаралар атқарылуда.

Орталық басшысы Юрия Пяның айтуынша, әлем бойынша "Carmat SA" үлісіндегі толығымен жасанды жүректі он адамға салған. Соның үшеуі - Қазақстан азаматтары. Жасанды жүректің ішінде биологиялық материал да бар. Оны салғаннан кейін қан өтетін жерде кәдімгідей жүректің ішкі қабаты қалыптасады. Жасанды жүрекпен 7 жылдай жүруге болады.

Айта кетейік, өткен жылы қараша айында Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығы 60 жастағы ер адамға жасанды жүрек имплантанциясын алғаш рет жасаған болатын. "Carmat SA" атты жасанды жүректің қазіргі бағасы - 1 млн еуро. Мемлекет те, орталық та оған ақша жұмсаған жоқ. Француз компаниясы өз аппаратын сынақтан өткізіп жатыр. Сол себепті бәрін тегін берді. Сол кезде орталық басшылығы жасанды жүрек иесі - Құнанбай Абыраевпен кездесуге рұқсат берді. Ағамыз қуанышын жасыра алмай, көз жасына да ерік берді. "Мен қатты ауырдым. Мына жаққа келгенде жүре алмадым, арбаға отырғызып әкелді. Сол енді...Қазір бәрі дұрыс...Өзімді жақсы сезінемін. Юрий Пя менің екінші әкем сияқты. Орталық басшылығына мың алғыс...60 жастан кейін өзімді осылай сезінемін деп ойлаған жоқпын", - деді Құнанбай аға. Осы кезде жасанды жүрек шиқылдай бастады. Дәрігерлер оған көп қобалжуға болмайтынын айтып, пациентті палатасына алып кетті. https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-algash-ret-adamga-zhasandy-zhurek-salyndy_a3093878

 

Бүгін Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының мамандары Құнанбай Абыраевке донорлық жүректің салынғанын жариялады. Ондай операция әлем бойынша алғаш рет жасалып отыр. Оған алдымен жасанды жүрек салынды, артынан оны донорлық жүрекпен ауыстырды.