ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті. Отандасымыз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.
Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.
Арман Мырсәбит бокстан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды.
Камила Қапан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль иегері атанды.