ҚР Туризм және Спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке көз жіберсек, Канвондодағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында әзірге спорттың 5 түрінен (биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей) 17 жолдама бар. Алдағы уақытта лицензиялар саны тағы да толығады деп күтілуде.
Ал жалпы аталған Олимпиадаға жер-жаһанның 70 елінен келетін 1800 (950 ұл, 950 қыз) спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 7 түрінен 15 дисциплина бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жасөспірімдер қысқы олимпиадасы өтетін Канвондо қаласы туристерді несімен қызықтыратыны туралы жазған болатынбыз.