АСТАНА. KAZINFORM — Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері командалық есепте үздік атанды.
Құрлықтық додада қазақстандық балуандар үш алтын, төрт күміс, екі қола медаль алды.
Ел құрамасынан Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі), Мерей Мәулітканов (72 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.
Екінші орынға Диас Әскербай (67 келі), Расул Жунис (77 келі), Альмир Төлебаев (82 келі) және Мақсат Сайлау (87 келі) табан тіреді.
Үздік үштікті Бақдәулет Азамат (97 келі), Асылбек Жәнібекұлы (130 келі) түйіндеді.
Еске салсақ, еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында қазақстандық балуандар командалық есепте үшінші орын алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.