Жастар экспедициясы Алматының киелі жерлерін аралады
аЖастар экспедиция Ұлы Дала Елінің киелі мұрасымен танысуға жолға шықты. Республика алаңына жиналған бір топ студенттер мен ҚХА мүшелері велосипедпен ҚБТУ универстиетіне аялдап , Арбатқа барып тоқтайды.
«Кейбір жастардан сұрасаң, Қазақстанның киелі орындарын білмей жатады. Мұндай жобалар осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Негізгі мақсат - қала жастарын тарих мұрасымен таныстыру. Мәселен, біз жиналған Тәуелсіздік монументіндегі «Алтын адам» археологтардың еңбегінің жемісі емес пе? Тарихымызды зерделесек, қасиетті орындарды жадымызды сақтап қала аламыз»,-деген пікірін білдірді ол.
Еске сала кетсек, Алматының киелі жерлері географиясы жобасына 6 нысан кірген болатын. Олар Райымбек батыр кесенесі, «Боралдай сақ қорғандары» қорымы, Қасиетті Вознессенск соборы, А.Байтұрсыновтың музей-үйі, Республика алаңы және бұрынғы үкімет үйінің ғимаратында орналасқан Қазақ-Британ техникалық университеті.