«Жастарды колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз ету «Жас талап» жобасы аясында жалғасатын болады. Күтілетін нәтиже – колледждерде оқығысы келетін 9-сынып түлектерін нарыққа қажетті тегін оқытумен толық қамту», - деді А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс кезең-кезеңімен 70 мың орынға дейін ұлғайтылатын болады.
«Әр облыс бойынша қажетті көрсеткіштер дайындалды. Бастысы, барлық әкімдіктер қажетті қаражаттың толығымен бөлінуін қамтамасыз етуі керек», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім министрі 1 мың жаңа мектепті салу қадамдарын түсіндірді.