Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында 864 сантиметрді көрсетті
ОРАЛ. KAZINFORM — Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында 864 сантиметрді (қауіпті шегі – 850 см) көрсетті.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 23 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, бір тәулікте су деңгейі 2 сантиметрге ғана көтерілген.
Түнгі сағат 00.00-де Орал қаласы тұсында 865 сантиметрге жеткен еді.
Өзен бойында БҚО аумағындағы алғашқы гидробекет – Бәйтерек ауданы Январцев ауылында су деңгейі 6 сантиметрге төмендеді. Қазір онда 894 см (қауіпті шегі – 1 250 см) болып тұр.
Есесіне өзен бойында БҚО аумағындағы алғашқы гидробекет – Бәйтерек ауданы Январцев ауылында су деңгейі 6 сантиметрге төмендеді. Қазір онда 894 см (қауіпті шегі – 1 250 см) болып тұр.
Бәйтерек ауданы Көшім ауылында 856 сантиметрге (+5) жетіп, қауіпті деңгейден 6 сантиметрге асты. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 8 сантиметрге жоғарылаған (529 см).
Сондай-ақ Көшім каналында 825 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегінен 25 сантиметрге артық).
Шаған өзенінің Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында көтерілуі байқалады (744 см, +4, қауіпті деңгейі – 1 300 см).
Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түскен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан 5 500 өтініш қабылданғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Орал саяжайында кей үйлерді бір емес, бірнеше рет су басқан.