Жазғы дөңгелекке ауысқан көліктен «Бұдырлар» белгісін алып тастау керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы дөңгелекке ауыстырылған көлікте «Бұдырлар» белгісінің болуы құқық бұзушылық. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті автокөлік иелері! Маусымға байланысты қысқы бүртабан дөңгелектерді жазғы дөңгелектерге ауыстырған кезде «Бұдырлар» белгісін де алып тастауды ұмытпаңыздар. Жазғы дөңгелекке ауыстырылған көлікте мұндай белгінің болуы құқық бұзушылық болып саналады»,-  деп жазды Алмас Садубаев.