АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілердің бүгін жаңартылған әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жекелей сында 10-орнын сақтаса, Юлия Путинцева 60-тан 61-ге сырғыды.
Жұптық сында Анна Данилина 12-ден 13-ке, Ю.Путинцева 106-дан 107-ге, Е.Рыбакина 263-тен 265-ке төмендеді.
Есесіне Қытайдағы жарыста жеңімпаз атанған Жібек Құламбаева 128-ден 109-ға көтеріліп, ТОП-100-ге жақындады.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 19-орында қалса, Александр Шевченко 97-ден 96-ға ауысты. Бейбіт Жұқаев 207-де, Тимофей Скатов 235-сатыда тұрақтаса, Дмитрий Попко 218-ден 219-ға жоғарылады. Михаил Кукушкин 231-ден 259-ға құлдырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).