АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева — италиялық Николь Фосса Уэрго жартылай финалда ресейліктер Анастасия Гасанова — Анастасия Гурьевамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық- италиялық жұп бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті.
Екінші сетте де сол қарқынын жоғалтпады — 6:3.
Құламбаева — Уэргоның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, Жібек Құламбаеваның Түркиядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Доха турнирінің жартылай финалынан тыс қалғаны белгілі болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).