АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемнің 479-ракеткасы Жібек Құламбаева Хасково (Болгария) ITF W50 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 821-орындағы ресейлік Валерия Артемьеваны сынап көрді.
Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі еді.
Екі партия да 6:2, 6:2 есебімен Жібектің пайдасына аяқталды.
Бір сағат 24 минутқа созылған бәсекеде Ж.Құламбаева жеті брейкпен ерекшеленді.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін франциялық Селена Яничиевич немесе болгариялық Денислава Глушкованың қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Болгариядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтқанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).