АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 499-ракеткасы Жібек Құламбаева Загреб (Хорватия) ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 259-ракеткасы, жапониялық Химено Сакацумемен бетпе-бет келді.
Бірінші партияны Жібек 6:2 есебімен түйіндесе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ – 6:4.
Біршама тартысты өткен кездесу сағат жарымға созылды.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 234-ракеткасы, хорватиялық Тена Лукас немесе рейтингіде 367-орындағы сербиялық Лола Радивоевичтің қай жеңгенімен таласады.
Ж.Құламбаева қазіргі сәтте WTA Live рейтингісінде 438-сатыға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Загребте жарыстың үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).