АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 322-ракеткасы Жібек Құламбаева Секешфехервар (Мажарстан) ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 335-орында тұрған түркиялық Чала Бюйюкакчаймен бетпе-бет келді.
Жібек 7:5, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.
Ол екі сағат 18 минутқа созылған тартысты матчта 6, қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 219-ракеткасы, украиналық Анастасия Соболевамен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 334-ракеткасы Зарина Дияс Тыргу-Муреш (Румыния) ITF W75 турнирінің екінші айналымында рейтингіде 331-сатыдағы италиялық Камилла Розателлоға 2:6, 6:1, 0:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалдан тыс қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Елена Рыбакина бастаған теннисшілердің ел намысын қорғайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).