Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық теннисші қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайырды – 6:2.
Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.
Осылайша Жібек жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакинаның жартылай финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).