Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Самсун (Түркия) челленджер турнирін сәтті бастады.

Фото: ҚТФ

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші хорватиялық Луция Чирич Багаричпен бірге алғашқы айналымда америкалық Фиона Кроули — ресейлік Екатерина Яшинаның мысын басты.

Қазақстандық-хорватиялық жұп 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдылық танытты.

Небәрі 55 минутқа созылған бәсекеде Данилина — Багарич 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды. Кроули — Яшина 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Жібек Құламбаева — Луция Чирич Багарич жартылай финалға шығу үшін швейцариялық Найма Карамоко — германиялық Нома Ноа-Акугуэмен таласады.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина америкалық Дезире Кравчикпен бірге Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымында жаңазеландиялық Эрин Рутлиф — индонезиялық Алдила Сутджиадиге 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Сөйтіп ширек финалдан тыс қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Бейжің турнирінің келесі айналымына өткенін жазған едік.