АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге бастапқыда болгариялық Денислава Глушкова — словакиялық Виктория Морвайованың мысын басты — 6:1, 6:3.
Ширек финалда қазақстандық-италиялық жұп Италия өкілі Альессандра Маззола — румыниялық Андрея Пришакарудан айласын асырды — 6:3, 6:4.
Бәсеке бір сағат 18 минутқа созылды.
Құламбаева — Уэрго финалға шығу үшін ресейліктер Анастасия Гасанова — Анастасия Гурьевамен таласады. Бұл дуэт ширек финалда болгариялық Лия Каратанчева — ресейлік Ксения Ласкутованы жолдан тайдырды — 6:7 (5:7), 6:3, 4:10.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха жарысының ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).