АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Жібек Құламбаева Гургаон (Үндістан) ITF турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.
Ж.Құламбаева – А.Раина бастапқы кездесуінде үндістандық Зеел Десай – жапониялық Ринон Окувакидің мысын басып, ширек финалға шықты – 2:6, 6:3, 11:9.
Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін жапониялықтар Акико Омаэ – Икуми Ямадзакимен таласады.
Әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сындағы бәсекесін де сәтті өткізді. Ол дүниежүзілік рейтингіде 951-орында тұрған үндістандық Хумера Бахармусты ойсырата ұтты – 6:1, 6:0.
Жібек екінші айналымда рейтингіде 1001-сатыдағы жапониялық Ринон Окувакимен сынға түседі. Оны ұтса, ширек финалға өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Дубайда 22 эйс жасап, ширек финалға шыққанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).