АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Баотоу (Қытай) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Рейнгольд ширек финалда ресейліктер Анастасия және Рада Золотаревалармен шеберлік байқасты.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Құламбаева – Рейнгольд қарсылас жұпты 6:0, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Ж.Құламбаева – Е.Рейнгольд финалға шығу үшін қытайлық Жангсу Хан – америкалық Эми Жумен таласады.
Әлемдік рейтингіде 395-сатыдағы Ж.Құламбаева жекелей сында алғашқы айналымда әлемнің 326-ракеткасы, жапониялық Сара Саитоны 6:0, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Алайда бүгін екінші кездесуінде әлемнің 368-ракеткасы, қытайлық Ю Фей Ренге жол берді – 1:6, 3:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадрид турнирінде Юлия Путинцеваның тартысты бәсекеде 19 жастағы теннисшіні ұтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).