АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 48 келідегі Жібек Құлымбетова 3-орын үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея спортшысы Хуивон Жангпен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Бірақ шабуылдағы белсенді әрекеті үшін жеңіс отандасымызға жеңіс берілді.
Осыған дейін Жібек Құлымбетованың Азиаданың қола жүлдесіне таласатыны туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.