Жібек Құлымбетова Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды.

Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, ол финалда Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті.

Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Ажар Салықова Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі.

Мариан Журавлева Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды.